Мамандық таңдау – адам өміріндегі маңызды қадам, ал мамандықты дұрыс таңдау – бұл ұзақ кәсіби өмірде сенімділік, жан тыныштығы және материалдық әл-ауқат. Осы мақсаттта мектебімізде аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскерге шақыру және әскерден тыс жұмыс бөлімше бастығы лейтенант Қудабаев Е. мырза келіп, білім алушылармен ашық сұхбат жүргізді. Әскери мамандықты таңдап отырған білім алушыларға оқуға түсу мүмкіндігі мен жеңілдіктері туралы ақпарат берді. Білім алушылар көкейіндегі маңызды сұрақтарына жауап алып, бейне көрсетілімдер арқылы толық ақпарат алды. Жетекшілік еткен: алғашқы әскери дайындық жетекшісі Байбульдеков Н.С., кәсіби бағдар беруші маман Тонбай М.А.