"Сапалы білім-тиімді жоспар, нәтижелі сабақ" » СШ №20 им. Т.Рыскулова
Zhambyl region
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Тұрар Рысқұлов атындағы
№20 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72632) 4-32-19
Сенім телефоны
+77084558168
Version for
visually impaired
» » "Сапалы білім-тиімді жоспар, нәтижелі сабақ"
27
January
2025

"Сапалы білім-тиімді жоспар, нәтижелі сабақ"

"Сапалы білім-тиімді жоспар, нәтижелі сабақ"



Тұрар Рысқұлов атындағы № 20 ЖОББМ 24 қаңтар күні "Сапалы білім-тиімді жоспар, нәтижелі сабақ" аясында 3"Б" сыныбында Габбасова А цифрлық сауаттылық сабағынан "Құжаттарды рәсімдейміз" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ басында білім алушыларды ширату мақсатында <<Көтеріңкі көңіл күй>> тренингі жүргізілді. "Сөздерді табу" ойыны арқылы өткен сабаққа шолу жасалды. Жаңа сабақты түсіндіру кезінде білім алушыларға электронды оқулық арқылы бейнеүзінділер, мәліметтер көрсетілді. Сабақ барысында топтық, жұптық, жеке жұмыс түрлері жүргізілді. Жұптық жұмыс барысында білім алушылар бос орынға тиісті сөзді жаз тапсырмаларын орындады. Топтық жұмыс барысында 1 топ: "Сәйкестендіру" әдісі арқылы берілген тапсырманы орындаса, 2-ші топ: "Дұрыс/дұрыс емес" әдісі арқылы тапсырманы орындады. Сабақты қорытындылау мақсатында qr кодты сканерлеп сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар Wordwall платформасы арқылы сұрақтарға жауап бере отырып, жеке жұмыс түрін жүргізді. Feedback "Бағдаршам" әдісі арқылы жүзеге асты.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив