«Мектеп менеджменті: Тиімді басқару мен сапалы білім – табыс кепілі» » СШ №20 им. Т.Рыскулова
Zhambyl region
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Тұрар Рысқұлов атындағы
№20 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72632) 4-32-19
Сенім телефоны
+77084558168
Version for
visually impaired
» » «Мектеп менеджменті: Тиімді басқару мен сапалы білім – табыс кепілі»
27
March
2024

«Мектеп менеджменті: Тиімді басқару мен сапалы білім – табыс кепілі»

«Үлкен бір жұмысты сәтті орындаудың бір ғана жолы бар. Ол істі жан-тәнімен сүю қажет» - деп В.А.Сухомлинский айтқандай, белгілі бір жұмыста табысты болу үшін өз ісіңді жетік біле отырып нәтижеге жету керек. Іс-әрекет пен табандылықтың арқасында жетістік баспалдағы арқылы жоғары сатыға аяқ басуды мақсат ете отырып «Мектеп менеджменті:Тиімді басқару мен сапалы білім – табыс кепілі» тақырыбында өз тәжірибеммен бөліскелі отырмын.

Бүгінде жемісті де жеңісті жұмыс атқару жолында басқаруды жүзеге асыратын негізгі 4 технологияны қолданамын:

1)         Командалық жобалау технологиясы – материалдық шығынсыз әр тұлғаның дамуын қамтамасыз ету. Осы тұрғыда мектепшілік жұмыстарда мұғалімдер мен оқушылардың психологиялық қарым-қатынасы оқу тәрбие процесін мазмұнын ұйымдастыру. 

2)         Шығармашылық одақтар технологиясы – инновациялық әлеуетті дамытуға бағытталған іс-әрекеттер (кәсіби командалар)

3)         Зерттеу технологиясы – мұғалімдердің ғылыми-әдістемелік жинақтары, баспа материалдары, оқушылардың ғылыми қоғамы. Осы тұрғыда педагогтардың жұмысын талдау, мақсат қою, жоспарлау, ұйымдастыру, реттеу, үйлестіру жұмыстарын ұйымдастыру.

4)         Ұйымдастырудағы іс-әрекет технологиясы – педагогтармен диалогтық алаң құру, шешімдерді талдау. Әлеуметтендіру жұмыстарын жүргізу. Осы тұрғыда жас педагогтердің әлеуметтік орны мен тұлғалық зерттеулерін жүргізу.

 «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет», – деп мемлекет басшысы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы өте зор. Осы тұста мектеп миссиясы: Өзгермелі қоғам өміріне бейім жоғары мәдениетті, зерделі, кәсіп түрін саналы таңдайтын тұлға қалыптастыру.

Кәсіби педагогикалық команда – жетістік кепілі демекші мектеп жұмысының нәтижесі педагогикалық кадрлардың кәсіби деңгейіне байланысты. Мектебімізде «Әдістеме орталығы» мектеп әкімшілігі мен шығармашыл ұстаздардан құралған команда өз іс-тәжірибесімен бөлісіп, әдістемелік көмек көрсетеді.  Құрамында 21-педагог зерттеуші, 30-педагог сарапшы және 42-педагог модераторды 24-педагогті қамтитын

•          «Озат тәжірибе» командасы

•          Жас мамандардан құралған – «Innovation» командасы

•          Менторлар командасы мен көсбасшы педагогтар командасы және инновациялық технологияларды ендіру командалары жұмыс жасайды.

Кәсіби педагогикалық команданың сапалы жұмысы нәтижесінде 11 авторлық бағдарлама, 29-әдістемелік құрал, 21-ғылыми жұмыс, 31-іс-тәжірибе бөлісу семинарлары, сынымен қатар 3 жоғары оқу орындарымен ғылыми педагогикалық меморандум жасалынған.

Мектептің оқу үдерісінің ерекшеліктеріне келетін болсақ. 

Жалпы білім беретін сыныптарда білім алатын 57 сынып. Білім сапасы 70 % құрайды. Сапалы білім нәтижесінде республикалық, халықаралық байқаулардан 69 оқушы жүлделі орын иеленді. Облыстық олимпиадалар мен байқаулардан 47 оқушы жүлделі орныға ие болды. 

5-6 сыныптар  арасындағы   республикалық олимпиаданың   облыстық кезеңінде  орыс тілі мен әдебиеті пәнінен 5- сынып оқушымыз 3 орынмен оралды.                                

7-8 сыныптар арасындағы Ұлттық олимпиадада география пәнінен 8 сынып оқушымыз 3 дәрежелі диплом иеленді. 

8-11 сыныптар арасында ағылшын тілі пәні бойынша облыстық олимпиадада 2 оқушымыз 3 орын иеленді.

8-11 сыныптар арасында «Қолданбалы лингвистика» байқауынан 10 сынып оқушымыз 2 орын иеленді. 

Абайтану олимпиадасында 10 сынып оқушымыз 3 орын алды. 

Облыстық балалар оқуларында 10 сынып оқушымыз 3 жүлделі орын иегері атанды. 

Зерде ғылыми жобалар байқауында және дәстүрлі ғылыми жобалар байқауында мектебіміздің оқушылары жыл сайын облыстық деңгейде жүлдегер атануда. 

Алматы қаласында өткен робототехника және инновациялық технологиялар бойынша Республикалық «IT бизнес» конкурсында 3 жүлделі орын иеленді.

Экологиялық бағыт бойынша «Pro ECO» байқауларында да оқушыларымыз жыл сайын облыстық деңгейде жүлделі орындармен марапатталуда.

Идеялар генерациясына келер болсақ, ата-аналар мен педконсилюмдер, спорттық жарыстар, интеллектуалды ойындар тұрақты жүргізіліп отырылады.

Білім сапасы, UNT, Алтын белгі иегерлерінің үлесі жыл санап артуда және бұл бағыттағы жұмыстар қарқынды жүргізілуде.

Оқушылармен атқарылатын іс-шаралар, инклюзивті білім алатын оқушыларға қажетті жағдайлар жасалынған. 

"Жемісті еңбек жетістік баспалдағы" демекші кәсіптік дағды мен педагогикалық дарын қалыптасқан ұстаздарымыз 2021-2024 оқу жылдарында аудандық байқаудан 20 орын, Облыстық байқаудан 12 орын, республикалық байқаудан 8 орын, халықаралық байқаудан 3 жүлделі орны иеленді.          

Ерекше атап өтуге болатын жетістіктердің бірі мектебіміздің педагог-психологтары Н.Исаева мен А.Назаралиева 2 жыл қатарынан «Best психолог» байқауында облыстық кезеңнен бас жүлде иеленіп, республикалық кезеңге қатысып, грамотамен оралды. 

Сондай-ақ, директорлар арасында өткізілген «Directors cup» дебат турнирінде өз бағымды сынап, аудандық, облыстық кезеңнен бас жүлде иеленіп, Атырау қаласында өткен республикалық деңгейде 3 дәрежелі диплом иегері атанып қайттым.

Үлгілі шәкірттер үмітті ақтайды, терең білім мен дарынын көрсете білген оқушыларымыз аудандық байқаудан 289 орын, облыстық байқаудан 63 орын, республикалық байқаудан 176 орын, халықаралық байқаудан 12 жүлделі орын иеленді.


"Жақсы басқара білу, ол орта қабілетті адамдарға, ерекше адамдардың жұмысын қалай істеуге болатынын көрсету."- деп  америкалық кәсіпкер, жазушы Джон Дэвисон Рокфеллер айтқандай бүгінгі ұстаз – инновациялық технологияларды пайдаланушы, әрі ізденуші, әрі өндіруші, әрі ғалым-зерттеуші. Ал сол ұстаздарды ортақ мүддеге ұйымдастыра білу- білікті басшының нәтижелі жұмысының жемісі деп білемін. 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив