08
April
2022
"Полиция балалар көзімен" атты аудандық байқау
Ағымдағы жылдың 8 сәуір күні, 2022 жыл "Балалар жылы" болып бекітілуіне байланысты мүдделі органдардың қатысуымен, балаларды қорғау шараларын қамтамасыз ету және жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында 10-18 жас аралығында "Полиция балалар көзімен" атты аудандық байқау өткізілді. Іс - шара бойынша суреттер байқауынан мектебіміздің 5 "А" сынып білім алушысы "Бас жүлде" алса, шығарма жазу байқауынан 10"А" сынып білім алушысы Өтеген Ұлжан ІІ дәрежелі дипломмен, полициялар туралы мәнерлеп өлең оқу байқауынан 8 "Ә" сынып білім алушысы Желеу Нұрбол ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

