Тұрар Рысқұлов атындағы #20 жалпы орта білім беретін мектебінде 2021 жылдың 26-мамыр - 19-маусым аралығында білім сапасын арттыру және шектеу шаралары кезінде жіберілген олқылықтардың орнын толтыру мақсатында 1-8, 10-сыныптар бойынша ұйымдастырылған "Жазғы мектепте" атқарылатын іс-шаралар жоспарына сәйкес 4-маусым күні Жаратылыстану әдістемелік бірлестігінің пән мұғалімдері "Жасыл ел" гүлдер байқауын өткізді. Байқаудың мақсаты: жас жеткіншектердің көркемдік шығармашылығын дамыту арқылы жаңа идеяларды іздеудегі белсенділіктерін арттыру, эстетикалық талғамын, қабілеттері мен дағдыларын қалыптастыру және қоршаған ортаны қорғауға баулу. Байқауға мектебіміздің ізденімпаз білім алушылары белсене ат салысып, қолөнер туындыларымен бөлісе білді. Нәтижесінде І орынды 7 "В" сынып білім алушысы Жолдаспаева Марина, ІІ орынды 7 "А" сынып білім алушысы Мұқаш Мейірім, ІІІ орынды 8 "Ә" сынып білім алушысы Бектемір Камила иеленіп, жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды.