19
May
2021
Board of Trusteesінің отырысы өткізілді
Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде қамқоршылық кеңесінің отырысы өткізілді. Мектеп директоры Мырзаханов Нұрдаулет Талантұлы 2020-2021 оқу жылындағы атқарылған жұмыстары туралы қамқоршылық кеңес мүшелері алдында есеп берді. Мектеп директоры өз есебінде өткізілген іс-шаралар, мұғалімдер мен білім алушылардың жетістіктері, мектепке жол акциясы барысында көрсетілген көмектер, ыстық тамақтың ұйымдастырылуы туралы сөз етті. Сонымен қатар, күн тәртібінде соңғы қоңырау және мектеп бітіру кештері, UNT мәселелері де қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.
