20
May
2024
«Абайлаңыз, балалар!» атты акциясы ұйымдастырылды
Ағымдағы жылдың 20 мамыр күні Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде 20-30 мамыр аралығында оқушыларды темір жолда жүру ережесімен таныстыру, ережелерді есте сақтауға үйрету, темір жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге тәрбиелеу мақсатында «Абайлаңыз, балалар!» атты акциясы ұйымдастырылды. Акция аясында Меркі станциясы ЖПБ-ның бастығы полиция капитаны Қойшыбеков Нұрлыбек, Меркі станциясы ЖПБ-ның ППТ-ң полиция инспекторы Нурмағамбетов Мұхамеджан Корабаевич, темір жолмен өтетін мектеп оқушыларына, көлік объектілеріндегі жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша жан-жақты мәліметтер берілді. Сонымен қатар, оқушыларға темір жолмен жүруге қатаң түрде тиым салынғандығы, темір жол бойымен, шеткі рельстен 5 метрден аса қашықтықта жүру қажет екенін, темір жолды арнайы төсеніштер арқылы, жақын жерде пойыздардың жоқтығына көз жеткізіп барып белгіленген жерден ғана өтуге болатындығы, тоқтап тұрған вагондарға шығуға болMayтындығы және темір жол электрлендірілген оның қуаты 27000 вольт екендігі туралы қатаң ескертті. Темір жолдан өткенде өте сақ болуларын айтып, «Темір жол қауіпті аймақ» тақырыбында жадынамалар таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.



