25
April
2023
«Құқықтық тәртіп профилактикасы»
2023 жылдың 25 сәуір күні «Құқықтық тәртіп профилактикасы» тақырыбында Меркі станциясы темір жол қауіпсіздігі қызметкерлерінің іс-шаралар жоспарына сәйкес Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-10 сынып білім алушыларымен кездесу өтті. Темір жол бойына жақын орналасқан елді мекен тұрғындары мен жолаушы азаматтарға, білім алушыларға жүк пойыздары адамдарды басып кету фактілерін алдын алу, сондай-ақ балаларды темір жолда қауіпсіз жүріп-тұру ережелеріне дағдыландыру мақсатында темір жол қызметкерлері, Меркі станциясы ЖПБ-ның бастығы полиция Mayоры Сұлтанов Мият Рапилбекович, Меркі станциясы ЖПБ-ның ППТ-ң полиция инспекторы Нурмағамбетов Мұхамеджан Корабаевич, ППТ-ң полиция аға сержанты Каипов Жансұлтан Алтайұлы темір жол қауіпті аймақ екендігі туралы жадынамалар таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

