22
April
2024
"Абай оқулары" шығармашылық конкурсының аудандық кезеңі болды
Ағымдағы жылдың 22 сәуір күні ХХҮ республикалық "Абай оқулары" шығармашылық конкурсының аудандық кезеңі болды. Байқау мақсаты-ақын мұраларының өміршеңдігін насихаттау, өскелең ұрпақтың санасына сіңіру. Аталған байқауға мектебіміздің 10-сынып оқушысы Қазақпай Ерасыл "Көңілім әнді ұғады" бағыты бойынша өнер жарыстырды. Нәтижесінде, Ерасыл жүлделі І орынды иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды. 26 сәуір күні Тараз қаласында ХХҮ республикалық "Абай оқулары" шығармашылық конкурсының облыстық кезеңі болды. Байқауда Ерасыл ұлы ақыннның "Көзімнің қарасы" әнін төгілте орындап, зор орындаушылық шеберлігін көрсете білді. Әннің мәнерін, дыбыс тазалығын, дауыс көлемін, музыкалық сауаттылығын жоғары деңгейде орындағаны үшін Қазақпай Ерасыл (пән мұғалімі Бейсебаева Фарида) Zhambyl region білім басқармасының ІІІ дәрежелі Дипломымен және сыйлықпен марапатталды. Ізденімпаз, шығармашыл Ерасылдың болашақта республикалық, халықаралық додалардан орын алатынына сеніміміз мол. Қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігі





