10
April
2024
"Ілияс Жансүгіров оқулары" байқауының аудандық кезеңі болып өтті
Ағымдағы жылдың 09 сәуір күні мектебімізде "Ілияс Жансүгіров оқулары" байқауының аудандық кезеңі болып өтті.Мақсаты- ақынның өмірі мен шығармаларын дәріптеу, өміршеңдігін насихаттау.
Байқау "Ілияс- эпик ақын", "Жаз!Жаз! Қалам, жорғалап", "Сұлу сөздің сүлейі","Ілияс-қарасөз шебері","Заманның заңғар тұлғасы" бөлімдерінен тұрды.Әр бөлім бойынша оқушылар критерийлерге сай жұмыс жасады. Мектебіміздің 9 "Ә" сынып оқушысы Әуезхан Нұрай ақын өлеңдерінің құрылысын талдау бойынша терең білімі мен ой ұшқырлығын көрсете отырып, Меркі ауданы білім бөлімінің ІІ дәрежелі Дипломымен марапатталды. Дәстүрлі байқау алдағы уақыттарда жалғасын табады.Болашақта Әуезхан Нұрай облыстық кезеңдерде бақ сынап, аудан намысын қорғауына сенім білдіреміз.
Қазақ тілі мен әдебиеті ӘБЖ: Бейсебаева Ф.І.