11
March
2024
«Діни экстремизм және терроризмнің алдын алу» тақырыбында кездесу өткізді.
Экстремизм және терроризмге қарсы күрестің бірден-бір жолы- олар туралы өз уақытында шынайы мәлімет беру. Бұл жерде күнделікті ақпарат құралдарының рөлі өте жоғары. Әйтседе, жас өспірім балалар үшін ақпарат құралдарының беретін мәліметі жеткіліксіз. Осы орайда ағымдағы жылдың 11 наурыз күні мектебіміздің жоғары сынып білім алушыларымен Меркі АПБ-ның КТІЖ участкелік полиция инспекторы Мұхтар Талшын және Меркі АПБ ЖПҚБ-нің УИП полиция капитаны Солтанаев Болат Уразбекович «Діни экстремизм және терроризмнің алдын алу» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барысында тақырыпқа сай видеороликтер көрсетіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.









