«Даналық мектебі» жобасы аясында әкелер форумы өтті. » СШ №20 им. Т.Рыскулова
Zhambyl region
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Тұрар Рысқұлов атындағы
№20 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72632) 4-32-19
Сенім телефоны
+77084558168
Version for
visually impaired
» » «Даналық мектебі» жобасы аясында әкелер форумы өтті.
28
февраль
2024

«Даналық мектебі» жобасы аясында әкелер форумы өтті.

  Ағымдағы жылдың 28 ақпан күні Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде «Даналық мектебі» жобасы аясында әкелер форумы өтті. Форумның ашылу салтанатында сөз алған мектеп директоры Нұрдаулет Талантұлы тағылымы зор, тәлімі мол жиында отбасындағы әке рөлін көтеру, ұлттық құндылықты өскелең ұрпаққа жеткізу, үйрету туралы айта келе, қонақтарды Алғыс айту мерекесімен құттықтады. Ха묬қымызда «Әке – асқар тау» деген ұғым мен «Әке көрген оқ жонар, ше¬ше көрген тон пішер» деген нақыл сөз бар. Бұл халықтық қағи¬да әке¬ден ауыс¬қан қасиет пен әке арқылы бе¬ріл¬ген үлгі-өнегенің бөлек, айрық¬ша еке¬нін көрсетеді. Өйткені әке – отбасының тірегі. Әкенің отбасы алдындағы жауап-кер¬ші¬лігі қай кезде де жоғары. Отбасы құндылығын дәріптеп, қоғамда әкенің беделін көтеру мақсатында ұйымдастырылған шараға «Ойтал» ауылдық округінің ақсақалдар кеңесі төрағасы – А.Ибаков, «Ойтал» ауылдық округінің ақпаратының бас маманы Сәтеков Мақсұт қатысты.
Форумда сөз алған директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Бекзат Макеновна “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында білім алушылар бойына ар-ұят құндылықтарын дарыту, ата- ананы сыйлау, мектеп пен отбасының өзара байланысын, қарым – қатынасын нығайту, отбасының қарым – қатынасындағы сенімділікті және сыйластықты қалыптастыру, бала тәрбиесінде әкенiң рөлі ерекше екендігін түсіндіріп, халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған баға жетпес қазынасы – ата, әкелердің өсиет сөздерінің құндылығы туралы айтты. Іс-шара барысында мектеп психологы- Н.Исаеваның ұйымдастыруымен әкелер қызықты сұрақтарға жауап беріп, ситуациялық жағдайдан шыға білді. “Әке, бір сағат уақытыңды бөлші” бейнеролигі көрсетіліп, әкенің бала өміріндегі алатын орны мен жауапкершілігі туралы ақыл кеңес берді. Тағылымы мол кездесуде білім алушылар әкелер құрметіне “Әке туралы” монолог оқып, ән шырқап, би биледі. Баланың әкеге деген ішкі ойын білу мақсатында ұл балалардан ашық хат, сухбат алынды.

Бейнежазба: 
https://www.instagram.com/reel/C37DgbBMAyY/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив