28
февраль
2024
«Алғыс саған, туған ел!» атты фестиваль өтті
Ағымдағы жылдың 28 ақпан күні Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай директордың орынбасары- Б.Абдуалиеваның ұйымдастыруымен 1-4 сынып білім алушылары арасында «Алғыс саған, туған ел!» атты фестиваль өтті. Мерекелік шараны жылы лебізбен құттықтап, мектеп директоры- Н.Мырзаханов ашты. Фестивальға қазақ, неміс, орыс, өзбек, татар тағы басқа ұлт өкілдері қатысып, өздерінің салт-дәстүрлері, ұлттық тағамдары мен киімдерін паш етті. Арнайы ұйымдастырылған көрмеде қазақ халқының шұжық, бауырсақ пен қоспасы, азербайжандардың долма, пахлавасы, орыс ұлтының тұшпарасы мен тұздалған орамжапырағы, татар халқының чак-чак сынды тағы басқа тіл үйірер тағамдары орын алды. Бір шаңырақ астындағы ұлттық киімдер киген қатысушылар ән мен биден шашу шашты. Мектебімізде Алғыс айту күнін атап өту жақсы дәстүрлердің біріне айналған. Осы орайда оқушылар Қазақстанда тұрып жатқан өзге ұлт өкілдерінің салт-дәстүрлерін біліп, мәдениетінен, тұрмыс ерекшелігінен хабардар болып, ұйымшылдыққа, достыққа баулитын мереке жоғары деңгейде өтті.
Бейнежазба: https://www.instagram.com/reel/C37DShUsDif/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Бейнежазба: https://www.instagram.com/reel/C37DShUsDif/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
