25
April
2023
«Бірлігі жарасқан» тақырыбында фестиваль өтті
Ағымдағы жылдың сәуір айында Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-10 сынып білім алушылары арасында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары- Б.Абдуалиеваның ұйымдастыруымен «Бірлігі жарасқан» тақырыбында фестиваль өтті. Фестивальге қазақ, өзбек, күрд, қырғыз, орыс, татар ұлтының өкілдері қатысты. Әр ұлт өкілдері көрермендерді өздерінің салт - дәстүрлерімен таныстырды, өз тілдерінде өлеңдер оқыды, ұлттық билерін биледі. Ұлттар фестиваліне арналған қабырға газеттерін шығарды. Мектептің спорт залында осы тақырыпқа арналған көрме ұйымдастырылды. Бұл іс- шара өте жоғары деңгейде өтті.

















