06
февраль
2024
"Бұлшық ет ұлпаларының құрылысы мен қызметі" тақырыбында ашық сабақ өтті
Ағымдағы жылдың 6 ақпан күні жаратылыстану пәні бірлестігінің айлығы аясында Тұрар Рысқұлов атындағы N20 жалпы орта білім беретін мектебінің биология пәні мұғалімі Рысбекова Қ. М. 8"А" сынып білім алушыларымен "Бұлшық ет ұлпаларының құрылысы мен қызметі" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың барысында жаңа технологияларды пайдалана отырып білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыратын тапсырмаларды қарастырып топтық, жұптық, жеке жұмыстар жүргізілді. "Элективті тест", "Кино метафора", "Мозайка", "Зерттеу картасы, "ZipGrade" әдістерін қолданды .Әр тапсырмадан соң білім алушылар "Ми заряды" әдісі арқылы өзін-өзі бағалап отырды. Feedback "Тазалық" әдісі арқылы жүзеге асырылды.
