25
December
2023
Ата-аналар жиналысы
Ағымдағы жылдың 22 желтоқсан күні мектеп директоры Н.Т.Мырзаханов мектеп ұжымы мен ата аналар арасындағы жиналыста сөз алып, Zhambyl region әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімі, білім беру ұйымдарында жемқорлық тәуекелдерін болдырмау бағытында барлық қызметкерлермен жиналыс өткізу туралы 2023 жылдың 21 желтоқсан күнгі №1819 хатының негізінде жиналыс өткізді. Онда 1-11 сыныптарында ата-аналармен жиналыс өткізіліп, «Жаңа жыл» мерекелік іс-шаралар өткізу барысында заңсыз қаржы жинауға (безендіруге, жаңа жылдық киім алуға), сыйлық жасауға, дастархан жасауға, ТЫЙЫМ САЛЫНАТЫНДЫҒЫН ҚАТАҢ ЕСКЕРТТІ. Заң алдында акшалай не заттай сыйлықты беріп жатқан да, оны алған тұлға да жауапты екендігін түгел педагогтарға, ұжымға таныстырды. Мерекелік жаңа жыл іс-шараларына дайындық барысында әрбір білім алушыларға және ата-аналар қауымына жеке көзқарас қағидаларын және балалардың қауіпсіздігі мен амандығын сақтау керектігі айтылып, Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында: іс-шара өткізуге аниматорлар, мерекелік агенттіктер, жеке студияларды тартуға, жаңа жыл мерекесін сән-салтанатты өткізуге, салтанатты дастархан ұйымдастыруға, әкімшілік және педагогикалық қызметкерлерге сыйлықтарға ақшалай қаражат жинауға жол берілмейтіндігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жаңа жыл мерекесін мейрамханаларда, кафелерде және басқа да көңіл көтеретін орындарда өткізуге тыйым салынатындығы ескертілді. Қауіпсіздік нұсқаулықты басшылыққа ала отырып: оқушылардың денсаулығына қауіпті жағдайлар мен олардың алдын алу мақсатында оқушылардың жолда жүру және мұз үстінде жүру қауіпсіздігі бойынша мектеп әкімшілігі арнайы бұйрық шығарып, ата-аналарға таныстыру хаты жолданып, ескерту жасалынды.

