01
September
2023
«Мектеп – мейірім мекені» атты салтанатты жиыны
1 – қыркүйек – Білім күні. Бұл күні мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1 – сынып оқушыларына алғашқы қоңырау даусы естілді. 2023 – 2024 оқу жылында Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебіне 88 бала 1 -сыныпқа қабылданып, ең алғашқы қадамдарын жасады. «Мектеп – мейірім мекені» атты салтанатты жиында мектеп директоры Н.Мырзаханов 1 – сынып бүлдіршіндеріне жылы лебізін білдіріп, алғашқы мектеп табалдырығын атттаған қадамдарымен құттықтады. Салтанатты жиында балалар өлең оқып, ән айтты. Салтанатты жиыннан соң бүлдіршіндер ең алғашқы сабақтарына аттанды. 1 «А» сынып жетекшісі С.Алимкулова, 1 «Ә» сынып жетекшісі Г.Халмұратова, 1 «Б» сынып жетекшісі А.Берсугурова, 1 «В» сынып жетекшісі Д.Тажибаева сыныпта балаларға жағымды көңіл – кhouseорнатып, бүлдіршіндермен жақынырақ танысып, алғашқы сабақтарын өткізді. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары К.Утегенова әр сыныпты аралап, балаларды Білім күнімен құттықтап, балақайларға сәттілік тіледі.







