07
September
2023
«Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» тақырыбындағы апталық іс-шаралар
Ағымдағы жылдың 7 қыркүйек күні Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» тақырыбындағы апталық іс-шаралар жоспарына сәйкес білім алушылардың туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру мақсатында 7 «Б» сынып жетекшісі- Л.Мустафина, 6 «А» сынып жетекшісі- А.Амреева, 6 «Б» сынып жетекшісі- С.Бектұрғанова, 8 «Б» сынып жетекшісі- М.Мамбетниязова «Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» тақырыбында тәрбие сағаттарын өтті. Сонымен қатар өзге ұлт өкілдерін қазақ тіліндегі мәнерлеп оқу байқауына қатыстырған Э.Мамыткеримова іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырды.















