12
September
2023
Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсыновтың туған күні мен Қазақстан халқы тілдері күні
Ағымдағы жылдың 12 қыркүйек күні Тұрар Рысқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсыновтың туған күні мен Қазақстан халқы тілдері күні тұспа-тұс келіуіне орай 5 «А», 5 «Ә», 5 «Б» сынып оқушыларымен “Тіл-тәрбие құралы, мәңгілік елдің ұраны”атты сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында Ахмет Байтұрсыновтың өмірі, шығармашылығы, ел тарихындағы орны туралы слайд, бейнебаян көрсетілді. Еліне, жеріне деген патриоттық сезіммен 5 «А» сынып оқушысы Елубай Нұрислам «Менің туған ауылым», 5 «Б» сынып оқушысы Мұхтар Нұрдәулет «Отаным Қазақстан» әндерін тарту етсе, 5 «Ә» сыныптың бишілері «Ұлытау» биімен кештің сәнін келтірді.
Артына өшпес ұлағатты мұра қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсыновты еліміз, тарихымыз ұмытпайды!


Артына өшпес ұлағатты мұра қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсыновты еліміз, тарихымыз ұмытпайды!



