"Төрт тоқсан-Төрт өнер" » СШ №20 им. Т.Рыскулова
Zhambyl region
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Тұрар Рысқұлов атындағы
№20 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72632) 4-32-19
Сенім телефоны
+77084558168
Version for
visually impaired
» » "Төрт тоқсан-Төрт өнер"
14
September
2023

"Төрт тоқсан-Төрт өнер"

  Ағымдағы жылдың 14 қыркүйек күні Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ұсынысымен Республика бойынша "Төрт тоқсан-Төрт өнер" ұлттық мәдени -ағартушылық жобаның тұжырымдамасы негізінде, «Ойтал» ауылының тұрғыны, зейнеткер- ұстаз, ақын- Термекүл Айдарқызымен кездесу өтті. Жалпы ұлттық рухты нығайтып, білім алушылардың шығармашылығын дамыту қашанда маңызды. Ақын - ақиқаттың жаршысы. Ал ақынның шығармашылығымен танысу, белгілі бір тақырыпқа орай көзқарасын білу, кім-кімге де қызықты болары сөзсіз. Осы орайда Термекүл апамыз білім алушыларды өзінің шығармашылығынан туындаған- «Жауғаш батырға», «Сыпатай», «Абайға тағзым», «Т.Рысқұлов», «Димаш атаға», «Жамбыл», «Бауыржан», «Қабылбек ата рухымен тілдесу», «А.Асқаровқа» және Мерейлі Меркі, тәуелсіздік, туған жер бата, тілектер туралы өлеңдерімен таныстырып, өлең жолдарын оқып берді. Термекүл апай ақындық өнері жайлы, өзінің шығармашылық жолы туралы білім алушыларға баяндап берді. Рас, рухани азық беретін осындай шаралар білім алушылар үшін ауадай қажет, әсіресе жастардың патриоттық сезімдерін шыңдауға септігін тигізері хақ. Басқосуда ел татулығы, бірлік пен тұтастық ұғымдары туралы маңызды ақпараттар айтылды.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив