21
September
2023
«Қара сөздің жауhарлары»
Ағымдағы жылдың 21 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ұсынысымен Республика бойынша “Төрт тоқсан-Төрт өнер” ұлттық мәдени-ағартушылық жобаның тұжырымдамасы негізінде, Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі-Г.Жуанышеваның ұйымдастыруымен «Қара сөздің жауhарлары» тақырыбында ардагер ұстаз, зейнеткер ақын- Бейсебаева Фатима апайымызбен сұхбат өтті. Кездесу барысында ақын өзінің өмір жолымен таныстыра отырып, өз шығармашылығынан туындаған өлеңдерін оқып берді. Білім алушылар бұл кездесуден үлкен әсер алды.
Бейнежазба: https://www.instagram.com/reel/Cxcm21ts8GY/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=NTYzOWQzNmJjMA==
Бейнежазба: https://www.instagram.com/reel/Cxcm21ts8GY/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=NTYzOWQzNmJjMA==
