23
October
2023
«Үнемдей білесің бе?» тақырыбында экологиялық сағат өтілді
Тұрар Рысқұлов атындағы #20 ЖОББМ орта мектептің "Экология " үйірмесінің білім алушыларымен «Үнемдей білесің бе?» тақырыбында экологиялық сағат өтілді. Экологиялық сағаттың мақсаты білім алушылардың үнемдеу туралы түсінігін кеңейту. Үнемдей білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Бұл сабақта білім алушылар энергия мен суды үнемдеу туралы бейнеролик көріп, жаңа ақпаратпен танысты. Әр ақпаратқа мән бере отырып, оқушылар арасында түрлі сұрақтар қойылды. "Зымыран сұрақ" әдісі арқылы балалар су мен энергияның пайдасы және үнемдеу жолдары туралы өз ойларымен бөлісті. "Мен қалай үнемдеймін" әдісі арқылы топтық жұмыс жасалынды. Топтар постер арқылы өз ойларын ортаға айтты.
Үйірме жетекшісі: Елубаева Л. С.
Үйірме жетекшісі: Елубаева Л. С.

