06
November
2023
“Әке—тірек, ана—жүрек, бала—тілек” тақырыбында кездесу өтті
Ағымдағы жылдың 6 қараша күні Тұрар Рысқұлов атындағы #20 ЖОББ мектебінің 1”А” сынып жетекшісі С. Алимкулованың ұйымдастыруымен “Әке—тірек, ана—жүрек, бала—тілек” тақырыбында кездесу өтті. Іс- шара барысында ата —аналарға жүрек жылуы арқылы бір —біріне тілек айтылып қызықты сұрақтар берілді, “Әке” тобы Өнегелі отбасы қандай болу керек? “Ана” тобы Өнегелі оқушы қандай болу керек? “Бала” тобы Өнегелі мектеп қандай болу керек? деген сұрақтарды гүл күлтелеріне жазып, әр топ қорғады. “Біртұтас тәрбие бағдарламасы” ұлттық, адами құндылықтарға негізделген тәрбие құндылықтары Ар—ұят, Ұлттық мүде, Талап туралы ата —аналарға түсінік берілді. Барлық өнеге жанұядан тарайтын болғандықтан ұл—қыздарымыздың саналы, тәрбиелі, білімді болуы үшін отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз керек деген оймен Тик ток әдісімен кездесуді қорытындылап, ой бөлісті.
Бейнежазба: https://www.instagram.com/reel/CzTb64-MhBc/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=NTYzOWQzNmJjMA==
Бейнежазба: https://www.instagram.com/reel/CzTb64-MhBc/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=NTYzOWQzNmJjMA==
