09
December
2022
«Бақытты отбасы қауіпсіз ортадан басталады» тақырыбында ата-аналармен кездесу өтті
Мектеп пен ата-ана арасында жайлы байланыс орната отырып, ата-ана үнін тындай отырып, саналы ұрпақ тәрбейлеу мақсатында мектебіміздегі «Берекелі шаңырақ» жобасының жоспарына сәйкес директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары- Б.Абдуалиева «Бақытты отбасы қауіпсіз ортадан басталады» тақырыбында ата-аналармен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты: Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан – жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты екендігі, адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталатындығы. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасатындығы сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүретіндігі алға тартылды. Шара барысында аналар қоғамдық кеңесінің төрайымы- С.Урманова баланың отбасында және қоғамдық ортада өзін қауіпсіз сезінуі, өскелең ұрпақтың ешкімнен зәбір көрмей өсуі үшін атқарылатын жұмыстар мен олардың құқығының қорғалуы туралы айтты. Сонымен қатар мектеп психологтары Н.Исаева мен А.Назаралиева ата-аналарға бала тәрбиесінде берер ақыл кеңестері көп болды.
Ақын сөзімен айтқанда: «Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі», - десек артық емес. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болMayтын баспалдақ. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.
Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.