11
October
2023
“Омыртқалы және омыртқасыз жануарлар” тақырыбында ашық сабақ өткізді
Мектепішілік бақылау жоспарына сәйкес жаратылыстану пәндерінде сабақты зерттеу үдерісінің 2-4 сыныптарындағы ұйымдастырылуын тексеру бойынша ағымдағы жылдың 11 қазан күні Тұрар Рысқұлов атындағы #20 ЖОББМ 3 “Ә” сынып жетекшісі Нұрманова Э.Б. жаратылыстану пәнінен “Омыртқалы және омыртқасыз жануарлар” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ басында балалар сабақтың мақсаты мен тақырыбын мұғаліммен біріге отырып айқындады. Сабақ барысында мұғалім әр түрлі әдіс - тәсілдерді пайдала отырып, балаларға тапсырмалар ұсынды. Жеке жұмыста балалар “Фонарик” әдісімен жануарлардың омыртқалы немесе омыртқасыз екенін анықтаса, “Кім жылдам? “ әдісі арқылы жұпта берілген тапсырманы жылдамдыққа орындады. Топтық жұмыста балалар омыртқалы және омыртқасыз жануарларға зерттеу жұмыстарын жүргізді. Сабаққа балалар белсене қатысып, тапсырмаларды қызыға орындады. Сабақ өз мақсатына жетті. 









