06
October
2023
«Ұлттық тәрбие – ел болашағы»
Ағымдағы жылдың 6 қазан күні Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде педұжыммен кезектен тыс жиналыс өтті. Жиналыста мектеп директоры- Н.Мырзаханов сөз алып, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың «Біз тәрбие жұмысының рөлін күшейтуге көп көңіл бөлеміз. Сондықтан, бұл жұмыста біз үшін ата-аналардың қолдауы өте маңызды. Осыған байланысты биыл 1 қыркүйектен бастап барлық білім беру ұйымдарында Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы жұмысын бастады. Олардың басты басымдықтары – балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасы мен мектептің өзара іс-қимылы бойынша жұмысты күшейту және ата-аналардың позитивті мәдениетін дамыту. Атап айтқанда, патриотизмді, білімпаздықты, нағыз маман болуды, үнемшілдікті, еңбекқорлықты қалыптастыру», - деп «Ұлттық тәрбие – ел болашағы» тәрбиесінің тұжырымдамалық негіздеріне тоқталды. Сонымен қатар директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары- Б.Абдуалиева «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» жұмысын ұйымдастыру, қызметін жүзеге асыру туралы мектепішілік бұйрықпен, жұмысты ұйымдастыру тәртібімен және бағдарламасымен таныстырып өтті.

