Деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің сабақтарының жүргізілуін тексеру туралы АНЫҚТАМА » СШ №20 им. Т.Рыскулова
Zhambyl region
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Тұрар Рысқұлов атындағы
№20 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72632) 4-32-19
Сенім телефоны
+77084558168
Version for
visually impaired
» » Деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің сабақтарының жүргізілуін тексеру туралы АНЫҚТАМА
04
April
2018

Деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің сабақтарының жүргізілуін тексеру туралы АНЫҚТАМА

Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, тәжірибелік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген іскер мұғалім қажет екендігі аз айтылып жүрген жоқ. Қазіргі уақыттағы білім беру қызметкерлерінің алдында тұрған басты мақсат-еліміздегі білім беруде халықаралық деңгейге көтеру және білім сапасын көтеру, жеке тұлғаны қалыптастыру, қоғам қажеттілігін өтеу, оны әлемдік білім кеңістігіне кіріктіру болмақ. Заман талабына сай көштен қалMay қазіргі таңда педагогтан өз пәнінің терең білгірі ғана болу емес, теориялық, нормативтік – құқықтық, психологиялық – педагогикалық, дидактикалық әдістемелік тұрғыдан сауатты және ақпараттық компьютерлік технология құралдарының мүмкіндіктерін жан – жақты игерген ақпараттық құзырлығы қалыптасқан маман болуын талап етуде.Осы мақсатта мектебімізде деңгейлік курстардан өткен мұғалімдер арасында түрлі ашық сабақтар мен іс – шаралар өтілуде.[center]Деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің сабақтарының жүргізілуін тексеру туралы АНЫҚТАМА

Қаңтар айының 22 мен 31 аралығында «Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс - тәсілдері» тақырыбындағы онкүндік болып өтті.
Онкүндік барысында Алексеева Оьга Юрьевна «Требование к современному уроку», «Какие техники формативного оценивания способствуют повышению эффективности урока?» тақырыбында коучинг өтті. Ольга Юрьевна жаңашыл сабақтың тиімді әдіс- тәсілдері мен бағалаудың түрлеріне кеңінен тоқталып кетті.
Усина Гулим Ерсаиновна мектептің педагогикалық қызметкерлері арасында «Оқыту мен оқу тәжірибесіне рефлексивті есеп» тақырыбында шеберлік сыныбын «Ақылдың алты қалпағы» әдісі бойынша өткізді. Гүлім ұжымды 6 топқа бөліп, әр түске байланысты алты қалпақтың тапсырмаларын орындатты.Ұстаздар сабақ соңында жазылатын рефлексивті есептің қағидаларын басты назарға ұстап, қиындық туғызып жүрген мәселелерін ортаға салып, шешімін талқылады.

Алдышева Ғалия Бейсеналиевна 6 «Г» сыныбында «Правописание –н - -нн в именах прилагательных» тақырыбында ашық сабақ көрсетті. Мұғалім сабақ жоспарын талапқа сай, өз деңгейінде өтті.Оқушылар түрлі тапсырмалар орындау барысында мұғалімнің көмегенсіз өз тапқырлықтарымен білімдерін дәлелдеді. Сабақ соңында оқушылардың пікірін білу мақсатында кері байланыс ұйымдастырды.Сабақты қорытындылау кезінде бағдаршам әдісін қолданды.Сонымен қатар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес тапсырмалар берді.


Медетова Гулзада Елубаевна 1 «Г» сыныбында «Звук и буква Юю» тақырыбында ашық сабақ өтті. Гулзада Елубаевна сабақтың сапалы, нәтижелі өтуі үшін көптеген тапсырмалар жоспарлаған. Сабақ барысында оқушылары 1- сынып болса да топқа бөлінуді, бағалауды, жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындауға дағдыланғандықтары көрініп тұрды.

Мамыткеримова ЭльмираТынышбековна 5 «Д» сыныбында «Ас-адамның арқауы. Зат есімнен өткенді қайталау» тақырыбында ашық сабақ өтті. Мұғалімнің сабақ беру барысында мынандай кедергілер болды:оқушылардың сөздік қорлықтарының аздығы,уақытты үнемдей алмаулары,жұппен жұмыс барысында бір-бірлерінің пікірлерін тыңдамау. Кедергілерді жеңу үшін мұғалім оқушыларға жұмыс барысында уақыттың шектеулі екенін ескертті,сөздік қорларын дамыту мақсатында шығармашылық тапсырмалар берді.

Копурбаева Нарина Нышамбековна 3 «Д» сыныбында литературное чтение пәнінен «Хитрые вороны» тақырыбында ашық сабақ көрсетті. Сабақта оқушылар топқа бөлінуді және өзін – өзі бағалауды біледі, кері байланыс жасай алатындықтары көрініп тұр.

Дегенмен жеке, жұптық жұмыстар байқалмады.Бұл мұғалімнің сабақты жоспарлауына байланысты. Сондықтан бұл ұстазға жіберілген кемшіліктермен жұмыс жасау ұсынылды.
Нұралбекова Назира Абляшқызы 5 «А» сыныбымен математика пәнінен «Ондық бөлшектерді қосу және азайту» тақырыбындағы сабағын өтті.

Мұғалім сабақ жоспарын жоспарлағанмен уақытта үнемдей алмады.Оқушылар математикалық терминдерді атауымен атай алMayды, есептерді тек қана ауызекі тілмен шығарды. Сарсебаева Ғалия Абдрахмановна 2 «А» сыныбында жаратылыстану пәнінен «Табиғи ресурстарының көздері» сабағында сыныптың атмосферасын қалыптастыру мақсатында тренингтер ұйымдастырды.Оқушыларды әртүрлі әдіс-тәсілдермен жұпқа бөлді. Сабақ барысында оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауды үйрету үшін шығармашылық тапсырмалар,түрткі сұрақтар пайдаланды.Оқушылардың сөздік қорларын дамыту үшін диологтік оқыту түрлерін қолданды. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында сабақта оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланды. Сабақтар барысында оқушылар өзін-өзі бағалады және бірін-бірі бағалады. Сабақ соңындақ «Баспалдақ» әдісі арқылы сыныптың сабақтағы мониторингісі шықты.
Демесинова Сағыныш Демесиновна 9 «А» сыныбында қазақ әдебиеті пәнінен «Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы» тақырыбындағы сабақ барысында оқушылар ұлы тұлғаның өмірі мен шығармаларын оқытудың түрлі тәсілдері арқылы мағлұмат алды. Сабақ соңында оқушылардың пікірін білу мақсатында кері байланыс ұйымдастырды.Сабақты қорытындылау кезінде бағдаршам әдісін қолданды.Сонымен қатар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес тапсырмалар берді.
Шахшанбаева Каракат Асетхановна 4 «Д» сыныбында «Менің сүйікті спортшым». «Спорт – менің өмірім » шығармашылық жұмыста екі топқа сурет салу және эссе жазу тапсырмасы берілді. «Спорттың пайдасы » ұйқас бойынша өлең шығару тапсырмасы берілсе, сабақты қорыту кезінде топқа сұрақтар беріліп жауап алынды.Оқушылар стикерлерге өздерінің әсерлерін жазып, «Менің сабақтан алған әсерім» бұрышына жабыстырды. Сабақтың нәтижесінде оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары артып, топпен, жұппен жұмыста да бірін- бірі тыңдап, ұйымшылдық көрсетті.Спорт және Жақсылық Үшкемпіров туралы көптеген мағлұматтар алды.Сөздік қорлары артып, өз ойларын ашық айта білді.Бірақ та , мұғалім оқушылардың жазу сауаттылығына баса назар аудару керек екендігі ескертілді.

Бейсебаева Фарида Илесбековна «Фукционалдық сауттылықты арттыру - белсенді оқытудың нәтижесі» коучингінде оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, фукционалдық сауттылықты арттыру, өзіндік дәлел - уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір - көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтитындығын дәлелдеп көрсетті.Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім екендігіне көз жеткізгізді.
4 «Д» сынып оқушыларының сынып жетекшісі Абдувалиева Динара Толегеновна сыныбында «Изменение глаголов по временам и числам», Зеткулова Жанна Байгожаевна 6 «А» сыныбында «Сказуемое, выраженное именем существительным» тақырыбындағы ашық сабақтары туралы айта кетсем, екі ашық сабақтың да жоспары осы жаңа әдіс-тәсілдер арқылы құрылып, топпен жұмыс жүргізілді.

Сыныптар топтарға бөлініп отырды. Сабақтың бастамасы ынтымақтастық атмосферасы орнатылудан басталды.Сөзжұмбақтар шешіліп, бірнеше сөздер топтастырылды. Табылған сөздер бойынша топпен жұмыс жүргізіліп, сергіту сәті жүргізілді.
Муратбаева Айғаным Серікқызы 4 «Д» «Біздің спортшылар. Күрделі етістік» сабағында оқушылар топқа бөлінуді және өзін – өзі бағалауды біледі, кері байланыс жасай алатындықтары көрініп тұр. Дегенмен жеке, жұптық жұмыстар байқалмады.Бұл мұғалімнің сабақты жоспарлауына байланысты.Сондықтар бұл ұстазға жіберілген кемшіліктермен жұмыс жасау керек екендігі ұсынылды.
Оқыту технологиясы мен әдістеме ғылымы бір-бірімен тығыз байланысты. Әдістеме ғылымы «Нені оқыту керек?», «Не үшін оқыту керек?», «Қалай оқыту керек?» деген сұрақтарға жауап іздесе, оқыту технологиясы «Қалай нәтижелі оқытуға болады?» деген мәселенің шешімін іздейді. Олардың мақсаты бір, яғни оқытудың тиімді жолдарын қарастыру. Оқытудың тиімді жолдары оқытудың әр түрлі әдістері арқылы анықталады.
Қорыта айтсақ, бүгінгі басты мәселеміз – білім сапасы десек, осы білім сапасын арттырудың тиімді жолы- білім беру жүйесінде түрлі ақпараттық технологияларды қолдану. Білім беру саласындағы қазіргі кезеңнің ең басты ерекшеліктері оқушылардың өздігінен жұмыс жасай білуіне жағдай жасау,оқушылар бірлесіп бағалауы бір-бірін тыңдай білу. Сабақты түрлендіріп оқыту арқылы жаңа әдіс тәсілдерді тиімді қолдануы баланы ізденіске ойын еркін, ашық жеткізуге бейімделеді.Келешек қоғамымыздың мүшелері-жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.
Амреева Айнагуль Аманкелдиевна мен Джылданбаева Сания Джуманазаровна екуі біріккен «Орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспар жазудағы басты қағидалар» атты коучинг өтті. Коучинг барысында ұстаздар оқыту мен оқудағы әдіс – тәсілдерден бастап, түрлі кері байланыс, бағалау түрлеріне тоқталып кетті. Нәтижелі сабаққа бағытталған қысқа және орта мерзімді жоспар жазудағы басты қағидалармен бөлісті.

«Қанша білсең, ізден тағы, тағы да, білікті адам жетер тілек, бағына» деген ғұлама Баласағұнның сөздері өмірлік қағида. Ұлы педагог Ушинский: «Мұғалім білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, іздеуді тоқтатса, мұғалімдігі де жойылады» деген болатын. Сондықтан әр бір мұғалім күнделікті сабағына өмір талабына сай дайындалып ақпараттық – коммуникациялық технологияларды кеңінен пайдалануы тиіс. Ол-заман талабы.

Ұсыныс:
1. Пән мұғалімдері сабақта оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерін тиімді пайдалануды жыл бойы жалғастырсын.
2. Teachersдің онкүндік аясында өткен сабақтарындағы жіберілген кемшіліктер бойынша әдістемелік бірлестіктердің отырыстарында талқыланып, түзетілсін.










[/center]
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив