«Халық қаһарманы» Ғазиз Байтасовты еске алу шарасы өтті » СШ №20 им. Т.Рыскулова
Zhambyl region
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Тұрар Рысқұлов атындағы
№20 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72632) 4-32-19
Сенім телефоны
+77084558168
Version for
visually impaired
» » «Халық қаһарманы» Ғазиз Байтасовты еске алу шарасы өтті
02
April
2021

«Халық қаһарманы» Ғазиз Байтасовты еске алу шарасы өтті

Ағымдағы жылдың 2 сәуір күні Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде батыр полицейдің ерлігін дәріптеу және оқиға болған күн туралы 6-7 білім алушыларды ақпараттандыру мақсатында «Халық қаһарманы» Ғазиз Байтасовты еске алу шарасы өтті. Шараның барысында осыдан 10 жыл бұрын Zhambyl region ІІД жол полициясы жеке батальонының 1- взвод командирі, полиция капитаны Ғазиз Байтасов  2011 жылдың 12 қарашасында Тараз қаласында қауіпті ланкес қылмыскерді ұстау барысында қайтыс болғаны туралы оқушыларға мәлімет беріліп, бейнеролик көрсетілді. Кездесуде директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Б.Оңланбекова, мектеп инспекторы Б.Б.Айжарықов баяндама жасады.Сонымен қатар директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бекзат Макеновна Ғазиз Байтасовтың құрметіне орай  2018 жылы Тараз қаласында өткен «Жол қозғалысы-2018» жолда жүру ережелеріне байланысты байқауда мектебіміздің «Бас жүлдені» иеленіп, Көкшетау қаласындағы «Балдаурен» сауықтыру орталығына 10 оқушы командамен жолдама алып, демалып келгендігі туралы мақтанышпен жеткізді.  Сонымен қатар оқушыларымыздың жетістіктері Ғазиз Байтасовқа арналған кітапқа енгізілгені туралы айтып өтті. 
Бар болғаны бірнеше сағаттың ішінде қаланы аяғынан тік тұрғызған қанды қол қарақшыны Жол полициясының қызметкері өз өмірінің құнымен тоқтатты. Ел үшін мерт болған азаматқа «Халық қаһарманы» атағы берілді. Орын алған оқиғаға 10 жыл өтседе, өте жауапты әрі қиын сәтте өз ісіне адал болған, оның ерлігі ешқашан ұмытылмақ емес. Іс-шара әріптестерінің батырды еске алып, бір минуттық үнсіздік жариялауымен аяқталды.  
                                                                                                 Абдуалиева Б.М.



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив