19
December
2022
"Шынықсаң шымыр боларсың" атты тақырыпта спорттық іс-шара өткізілді
Салауаттану денсаулықты сақтау тәсілдерін, шымыр әрі мықты болудың жолдарын үйрету мақсатында ағымдағы жылдың 19-желтоқсан күні Тұрар Рысқұлов атындағы # 20 жоббм оқу ісі жөніндегі орынбасарының жылдық жоспарына сәйкес мектепалды даярлық сынып тәрбиленушілерімен "Шынықсаң шымыр боларсың" атты тақырыпта спорттық іс-шара өткізілді. Іс-шараға мектепалды даярлық сыныбындағы барлық тәрбиеленушілер түгел қатысты.Мектепалды даярлық сынып тәрбиешілері тәрбиеленушілермен әр түрлі тақырыпта сұхбат жүргізді,ойындар ойнатты. Тәрбиеленушілер салауатты өмір салтының ережелеріне көңіл бөлді. Денсаулықты сақтау үшін үнемі дұрыс тамақтанып, дене шынықтырумен күнделікті айналысып,таза жүру керектігін үйренді. Тәрбиеленушілер іс-шараға белсенді қатысып,жақсы көңіл-күйде болды.
ДОІЖО: Утегенова К.И.
ДОІЖО: Утегенова К.И.

