Салауатты өмір-көтеріңкі көңіл.
Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің 11.01-11.02 аралығында айлық өтіп жатқандығына байланысты әр түрлі тақырыпта сыныптан тыс іс-шаралар өткізіліп жатыр. Бастауыш 3 «Ә» сынып жетекшісі Турениязова Зибаш Мендихановна 18.01.2021 жылы кезекші сыныпта оқып жатқан оқушылармен «Салауатты өмір-көтеріңкі көңіл» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізді.
Мақсаты: Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігі, бағалы байлық екенін түсіндіру.
Денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қанағатшыл,таза да әдемі болуға тәрбиелеу.
Дұрыс тамақтанып, таза жүріп, денсаулықты қалай күту керектігі туралы сұрақ-жауап жүргізді. Біз не үшін тамақтанамыз? сұрағына дәрігер кеңесін, табиғи дәрумендерді, денсаулыққа қатысты нақыл сөздерді,өлеңдерді, мақал-мәтелдерді қатыстыра отырып жауап берді. Оқушылар өз пікірлерін ортаға салды. Сабақ барысында коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезінде сақтық шаралары қатаң сақталды.


