13
June
2022
Балалар «Астана парк» кинотеатрына мультипликациялық кино көруге барды
Көптеген елдерде мультипликациялық кино арқылы балаларды тәрбиелеуге ерекше мән беріледі. Балаларға салт дәстүрді, өзара қарым – қатынас этикасын, адамның ортада өзін ұстау мәдениетін мультфильм арқылы үйретеді. Ал АҚШта бұл әдіспен математика, физика, география пәндерінің негіздерін оқытуды мақсат етеді. Осы орайда «Балалар жылы аясында» ағымдағы жылдың 13 маусымында «Балауса» тәрбиешілері мен үйірме жетекшілерінің ұйымдастыруымен балалар «Астана парк» кинотеатрына мультипликациялық кино көруге барды. Экранда берілген қызылды – жасылды суреттерге, олардың әр түрлі іс – қимылдарына, сюжеттеріне қызыға қарады. «Бәрін білгім келеді» атты бүкіл әлемдік танымал мультфильмді көру арқылы балалар магнетизмнің не екенін, тұтқа механизмдері қалай жұмыс істейтіндігін және физикалық заңдардың не үшін қажет екенін білді.







