14
June
2022
“Балалар - мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі”
“Балалар - мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі” деген мемлекет басшысы Қ. Тоқаев 2022 жылды “Балалар жылы” деп жариялады. Осыған орай ағымдағы жылдың 14 маусымында “Балалар жылы” аясында “Балауса” лагерінің бүлдіршіндері арасында “Балалар жылы” тақырыбында балаларды шығармашылыққа, жаңашылдыққа баулу мақсатында әр топқа өз логотиптерін жасау ұсынылды. Топтар берілген тапсырманы қиялдарына ерік бере отырып, жоғары деңгейде орындап шықты. Топ басшылары жасаған жұмыстарын қорғап, не себепті өздеріне осындай логотип таңдағандарының себебін ашып түсіндірді. Жұмыстары бойынша қорытынды жасады. Әр топқа қолдау мақсатында мадақтамалар берілді.





