Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары
Ағымдағы жылдың 24 ақпан күні мектебіміздің директоры Н.Мырзаханов білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған жұмыстар туралы педұжыммен жиналыс өтті. Күн тәртібіндегі қаралған мәселе- ақша жинау фактілерін болдырмау, болған жағдайда жемқорлық ретінде қарастырылатыны ескертілді. Сонымен қатар мектеп директоры мектепте 8 наурыз- Халықаралық аналар мерекесі, Ұлыстың Ұлы тойы әз-Наурыз, т.б мереке күндеріне орай және мектеп бітіруге байланысты ақша жинауға тыйым салатынын айтты.