9 сынып білім алушыларының міндетті қорытынды аттестаттауы өткізілді.
2024 жылдың 29 мамыр күні мектебімізде «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына сәйкес негізгі орта білім берудің оқу бағдарламаларын меңгеруі бойынша 9 сынып білім алушыларының міндетті қорытынды аттестаттауы өткізілді. Міндетті қорытынды аттестаттауға 9 «А», 9 «Ә», 9 «Б», 9 «В» сыныптарынан 76 білім алушы жіберілді.