Жарақаттан сақтан!» тақырыбында ашық сабақ өткізді
1-сәуір мен 30-сәуір аралығында жол көлік жарақаттарының алдын алу мақсатында «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» орталығының ұйымдастырумен айлық өткізілуде. Осы жоспарға сәйкес ағымдағы жылдың сәуір айының 4-ші жұлдызында Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде 5«А» сыныбымен Муратбаева А.С. «Жарақаттан сақтан!» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында балаларға жарақаттанудың түрлері жан-жақты түсіндіріліп, сақтану жолдары, алдын-алу шаралары айтылды.