31
январь
2025
«Ұстаздың кәсіби іс-әрекетіндегі педагогикалық әдеп «Педагог дауысы» тақырыбында ашық брифинг өткізілді.
Ағымдағы жылдың 31 қаңтар күні мектебімізде педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің жұмыс жоспарына сай «Ұстаздың кәсіби іс-әрекетіндегі педагогикалық әдеп «Педагог дауысы» тақырыбында ашық брифинг өткізілді. Брифингтің мақсаты – педагогикалық әдепті қамтамасыз ету және сақтау, мұғалімдер құқықтарының бұзылуының алдын алу. Брифинг барысында мұғалімдер жағдайды жақсарту бойынша өз пікірлерін, ұсыныстарын білдірді. «Шәкірттің жақсы болмағы – ұстазынан» деп дана халқымыз айтқандай, ұстаз балаларды білім нәрімен сусындатып, қолынан келгенін үйретіп, бағыт-бағдар беріп қана қоймай, сыртқы келбетімен, киім киісімен, өзін ұстау әдебімен үлгі бола білуі тиіс. Іс-шара барысында мұғалімдер жағдайды жақсарту бойынша өз пікірлерін, ұсыныстарын айтты.