
Бүгінгі жаһандану заманында жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру педагогтардың ең басты міндеті. «Педагог - жаңа ұрпаққа ғасырлар бойы жинақталған барлық бағалы дүниелерді беріп, жалған сенімдерді, кінәраттар мен кеселдерді бермеуге тиісті адам»,- деп А.В. Луначарский айтқандай мұғалімдердің өз бойындағы қасиеттерінің жан-жақты, тереңірек ашылуына бағдар беру мақсатында "Педагогикалық қарым-қатынастың қажетті элементі педагогикалық этика мен такт» тақырыбында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Абдуалиева және мектеп психологы А. Назаралиева коучинг өтті. Коучинг барысында мұғалімнің өмірге көзқарасын оның идеялық намысының биіктігі, сонымен қатар пәнді жетік білуі, берілген материалды терең түсініп оқушылардың бойына әдеп, дағды жақсы қасиеттерді сіңіру үшін моральдық нормаларды меңгере отырып, ұстаздық шеберлігін ұштай білуге дағдыландыру барысында болды. Педагогтар әдептілік, этика, субординация және мұғалім мәртебесі туралы түсініктер қалыптастырып, түрлі жағдаяттардан шығу жолы туралы пікір алмасты. Мектеп директоры Н.Мырзаханов Мұғалімнің педагогикалық беделі - оның оқушылар мен мұғалімдер және әріптестер ұжымындағы моральдік статусы, бұл құрмет пен құрметке ие болып жүрген беделді де, құрметті ұстаздың тәрбиеленушілердің тәртібі мен
нанымдарына әсер ететін өзіндік тәртібі туралы
түсінік берді.