Оқушылар жетістіктері » Страница 9 » СШ №20 им. Т.Рыскулова
Жамбылская область
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Тұрар Рысқұлов атындағы
№20 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72632) 4-32-19
Сенім телефоны
+77084558168
Версия для
слабовидящих
“Ерте жастан экологиялық мәдениет” жобасы
11
май
2023
“Ерте жастан экологиялық мәдениет” жобасы
  “Ерте жастан экологиялық мәдениет” жобасы аясында жыл бойы өткізілетін “Экологиялық күнтізбе” іс-шаралар жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 11-мамыр күні Тұрар Рысқұлов атындағы #20 ЖОББ мектебінің 9 “А” сынып білім алушысы Айбас Назерке Маратқызы “Виртуалды саяхат” байқауына қатысу үшін 3 минуттық бейнедерек даярлады. Саяхат барысында туған өлкенің табиғи нысандары туралы деректер келтіріліп, жергілікті жер табиғатының әсем көрінісі бейнеленді. Жетекшісі: Омаров К.У. ##egologyazhambyldaryny
"Менің Отаным Қазақстан"
05
май
2023
"Менің Отаным Қазақстан"
  Ұлы жеңістің 78 жылдық мерекесіне орай ағымдағы жылдың 5-мамыр күні "Менің Отаным Қазақстан " ұранымен дойбы үйірмесіне қатысатын оқушылар арасында  мектепішілік дойбыдан жарыс өткізілді. Жарыста 1- орын 5 "Б" сынып оқушысы  Картанова Бағжан, 4 "Б"сынып оқушысы  Махаматдин Жаннұр, 5""Ә"сынып оқушысы  Алимжан Ерасыл  2-орынды 4"Б" сынып оқушысы  Аманов Алислам,  3" В" сынып оқушысы  Хангельді Омар 3- орынды 4"Б сынып оқушысы  Бахытжан Еркеназ,  6"В"сынып оқушысы  Тыныштықбай Есбол  иеленді.
Құттықтаймыз!!!
05
май
2023
Құттықтаймыз!!!
  Ағымдағы жылдың 4 сәуір күні жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сынып оқушылары арасында қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында өткізілген "Абай оқулары" байқауының "Ұлылар әлемі" номинациясы(ээсежазу) бойынша мектебіміздің 9 "А" сынып білім алушысы Айбас Назерке өз білімімен ерекшеленіп ІІІ дәрежелі Дипломмен марапатталса, "Көңілім әнді ұғады" номинациясы бойынша 9 "В" сынып оқушысы Қазақпай Ерасыл ІІ дәрежелі
"Көше ойындары-2023" спорттық фестивалі
03
май
2023
"Көше ойындары-2023" спорттық фестивалі
  Ұлт өкілдері арасындағы татулық пен бірлікті нығайту бойынша "Халықтар достығы-бірліктің қамалы" ұранымен Меркі ауданының"Көше ойындары-2023" спорттық фестивалінде мектебіміздің ұлдар командасы ағымдағы жылдың 3 мамыр күні стритболдан жүлделі І орынды иеленді.
Құттықтаймыз!!!
25
апрель
2023
Құттықтаймыз!!!
Тұрар Рысқұлов атындағы #20 ЖОББ мектебінің мектепалды даярлық сынып тәрбиеленушісі Манапбай Рабия "Мен зерттеушімін" мектепке дейінгі жастағы балалар байқауының аудандық кезеңіне қатысып, 3 орын иегері атанды. Жетекшісі: Нурпайзова Ч.С. 
«Жас қозғалыс инспекторлары»» XXІІ слеті болып өтті
18
апрель
2023
«Жас қозғалыс инспекторлары»» XXІІ слеті болып өтті
  Ағымдағы жылдың 14 сәуір күні 2022-2023 оқу жылында жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында «Халық қаhарманы полиция капитаны Ғазиз Байтасовты еске алуға арналған аудандық «Жас қозғалыс инспекторлары»» XXІІ слеті болып өтті. Аудандық слетке белсене қатысып, нәтижесінде Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінің «Бағдаршам» тобы ІІІ орынмен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.
"Волейбол" жарысы
17
апрель
2023
"Волейбол" жарысы
  Меркі  аудандық  спартакиада аясында  мектеп  оқушылары арасында  ағымдағы жылдың  12-14 сәуір күндері өткен  "Волейбол" жарысында  Тұрар Рысқұлов атындағы N 20 жалпы орта білім беретін мектебінің қыздар  құрама командасы 3-орын  иеленіп ,аудандық  білім бөлімінің дипломы мен марапатталды. Және  10 "Ә"сынып оқушысы  Серғали Жаңылсын  "Лучший  шабуылшы" номинациясы мен марапатталды. Үйірме жетекшісі: Сыбанбаева Жанерке                          Жексенова Шарафат
Областной чемпионат по легкой атлетике
17
апрель
2023
Областной чемпионат по легкой атлетике
  Областной чемпионат по легкой атлетике проходил с 13-15 апреля 2023 года в городе Каратау. Ученики общеобразовательной школы №20 имени Турара Рыскулова принимали участие: 1. Тажибаев Санжар – 1500 м I место, 800 м I место 2. Жорин Владислав – 400 м I место, 800 м III место 3. Шиян Вениамин – 2000 с/х I место 4. Вольф Виктор – 800 м II место, 400 м III место 5. Казбек Мерей – 1500 м III место, 800 м II место Поздравляем всех призеров 🥳🥳🥳🥳
«Оқуға құштар мектеп» жобасы
17
апрель
2023
«Оқуға құштар мектеп» жобасы
  Тұрар Рысқұлов атындағы №20 ЖОББ мектебінің 9«Ә»сынып білім алушысы Байболат Амина «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Оқу-табысқа апарар жол» ұранымен өткізілген «Кітап оқитын мектеп» атты онлайн байқауының аудандық кезеңіне қатысып, 2 орын иегері атанды. Жетекшілер: Насибулина М., Абдраимова Г.
“Жау тылындағы бала”
17
апрель
2023
“Жау тылындағы бала”
  Тұрар Рысқұлов атындағы №20 ЖОББ мектебінің 7- сынып білім алушысы Тұрсынбекова Ұлдана “Оқуға құштар мектеп” жобасын жүзеге асыру бағытындағы іс-шаралар жоспарына сәйкес Қасым Қайсеновтың 105 жылдық мерейтойына орай “Жау тылындағы бала” повесі бойынша ұйымдастырылған аудандық оқырмандар конференциясына қатысып, белсенділік танытқаны үшін алғыс хатпен марапатталды. Жетекшілер: Бейсебаева Ф., Насибулина М., Абдраимова Г.