Марапат құтты болсын!
2021 жылдың 30 сәуір күні Жамбылская область Меркі ауданының Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде «Жас- star» көңілді тапқырлар клубының оқушылары арасында мектепішілік Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Ер жігіт өспей ме?» атты КТК ойыны болды. Ойынға төрт команда қатысып, ауыспалы кубокты сарапқа салды. Аталған шараға мектеп әкімшілігі, ұстаздар мен оқушылар қатысып, белсендік көрсеткен, актерлік шебер өнерлі жастарымыздың ойындарына тамсанды.