02
октябрь
2025
Мектеп президентін анықтау мақсатында сайлау ұйымдастырылды.

Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде қыркүйектің 29 күні 2025 жылы «Жас Ұлан» ұйымының көшбасшысы мен Мектеп Парламентінің Президентін анықтау мақсатында ашық әрі әділ сайлау ұйымдастырылды.
Сайлау қағаз бюллетень арқылы құпия дауыс беру түрінде өткізілді. Голосовать үдерісіне 5–11 сынып оқушылары толықтай қатысты. Арнайы дайындалған жәшіктерге әр оқушы өз таңдаған үміткеріне дауыс берді.
Сайлау қорытындысы бойынша ең көп дауыс жинаған 10 «А» сынып білім алушысы Сәби Ақбота, ресми түрде ұйым басшысы және мектеп Парламентінің Президенті ретінде жарияланды.
Іс-шара мектептің тәрбие жұмысы жоспарына сай ұйымдастырылды.