27
декабрь
2024
"Балаға қуаныш сыйлаған"

Тұрар Рысқұлов атындағы №20 ЖОББМ 26 желтоқсан күні "Балаға қуаныш сыйлаған" ертегі айтып, танымдық сағаттар жүргізген әжелермен байқау өткізілді.
Әжелер сайысының мақсаты: Бүлдіршіндерді ізгілікке, үлкенді сыйлап, тыңдай білуге, құрметтеуге, халқымыздың салт-дәстүрінен нәр алуға, ой-өрісін дамыту, өнерге баули отырып, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу. Сайысқа 2 «А»2 «Ә» 2
«Б»сынып оқушылары да қатысты.
Сайыс ережелері
1. Таныстыру «Тегін білу тектілік»
2. «Ұмыт бола бастаған салт дәстүр»
3. "Ас адамның арқауы" (ұлттық тағамдар)
4 «Шебердің қолы ортақ!» Өз өнері
Сайыс барысында әжелеріміз ұлттық тәрбиені насихаттау, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында ата-бабамыздың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып кейінгі ұрпаққа жеткен мұраларымен таныстырды. Байқау соңында ең белсенді әжелер таңдалып, жүлделі орындармен марапатталды.