Ағымдағы жылдың 14 қараша күні Тұрар Рысқұлов атындағы №20 ЖОББМ 2 «Ә», 2«Б» сынып жетекшілері Халмуратова Г Берсугірова А «Дұрыс тамақтану -денсаулық кепілі» тақырыбында сынып сағатын өткізді. Мақсаты: Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына жұмыс қабілетінің жоғарлауына және организмнің қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізу. Дұрыс тамақтану ережелерін сақтау, ұзақ өмір сүру үшін қажет екендігі және асты уақытылы ішіп тұру ағзаға пайдалы екендігі туралы білім алушыларға ақпарат берілді. Пайдалы және зиянды тағамдардың суретіне қарап, топқа бөлінді. Топтаса отырып “Зиянды және пайдалы” тағамдарды ажыратты. Білім алушылар жеміс-жидектерді таңдап, олардың адам ағзасына пайдасын түсіндіре өтті.