Қыз баланы тәрбиелеу – ұлтты тәрбиелеу деген сөз
Қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, инабаттылық, кішіпейілділікті, жан-жақты асыл қасиеттерді таныта білу мақсатында «Даналық мектебі» клубының жылдық жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 9 қараша күні Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінің «Жеңгелер клубы» жұмысына сәйкес “Қыз еркем, анасымен көркем” тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Қыз баланы тәрбиелеу – ұлтты тәрбиелеу деген сөз.