04
май
2022
«Жас маман -2022» байқауы
Бүгін Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін жас ұстаздардың біліктілігін, жан-жақты өз кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға баулу мақсатында «Жас маман -2022» байқауы болып өтті. Байқауға еңбек өтілі 3 жылға дейінгі 8 жас маман қатысты. Байқау 5 кезең арқылы іске асырылды. Ұстаздықты жүрек қалауымен таңдап, жоғары оқу орындарын ойдағыдай аяқтап, ортамызға келіп еңбек жолын жаңа ғана бастап жатқан жас мамамандарымыз өмірлік ұстанымдарынан бастап байқаудың барлық кезеңдерінен сүрінбей өтті.
Әділқазы алқалары жас мамандардың шығармашылығын, ашық сабақтар сапасын, қатысушылардың жаңашыл идеяларын бағалай келе, бас жүлдені ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Бөкенбаев Жәнібекке, І орынды дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Рысқазиева Ұлзанаға, ІІ орынды информатика пәнінің мұғалім Самалова Айғанымға, ІІІ орынды дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Парахатова Ботагөз бен информатика пәнінің мұғалімі Кеңесбаев Қазыбекке берді. Ал, математика пәнінің мұғалімі Өтегенова Динара «Өнерлі жас маман», орыс тілі пәнінің мұғалімі Миркурбанова Тахмина «Шығармашыл жас» маман, биология пәнінің мұғалімі Бекболатов Мерей «Заманауи жас маман» номинацияларымен марапатталды.
Байқау соңында мектеп директоры Мырзаханов Н.Т. жас ұстаздарға шығармашылық табыстар мен еңбек жолдарына сәттілік тіледі.