27
май
2022
Білім бөлімінің әдіскері С.А. Метеркулова мектеп ұстаздарымен кездесу өткізді
Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде 27.05.2022 күні аудандық білім бөлімінің әдіскері С.А. Метеркулова мектеп ұстаздарымен кездесу өткізді.Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мақсатында өткізілетін Рефендум туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Референдумның мақсаты, толықтырулар мен өзгертулердің маңыздылығы туралы түсініктеме жұмыстарын жүргізді. Қазақстан Республикасының азаматтары ретінде мектеп ұжымын осы саяси науқанға белсенділікпен қатысуға шақырды.
