Қазақстан халқына жолдауын насихаттау бойынша кезектен тыс өткізілген жиналыстың №1 Хаттамасы » СШ №20 им. Т.Рыскулова
Жамбылская область
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Тұрар Рысқұлов атындағы
№20 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72632) 4-32-19
Сенім телефоны
+77084558168
Версия для
слабовидящих
» » Қазақстан халқына жолдауын насихаттау бойынша кезектен тыс өткізілген жиналыстың №1 Хаттамасы
04
сентябрь
2019

Қазақстан халқына жолдауын насихаттау бойынша кезектен тыс өткізілген жиналыстың №1 Хаттамасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 02.09.2019 жылғы «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбындағы Қазақстан халқына жолдауын насихаттау бойынша кезектен тысөткізілген жиналыстың
№1 Хаттамасы



Өткізілген күні: 03.09.2019ж.
Қатысқандар: мектеп әкімшілігі, педұжым,кіші қызметкерлер


Күн тәртібінде:

1. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 02.09.2019 жылғы «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбындағы жолдауын педұжымға насихаттау


Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы білім беретін мектебінде 2019 жылдың 3 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 02.09.2019 жылғы «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбындағы жолдауын мектеп ұжымына мектеп директоры Ғ.Х.Жақсылықова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.М.Абдуалиева, тарих пәнінің мұғалімдері Қ.Мақышов, Ш.Тлеуова жолдаудың маңызды міндеттерін оқи отырып, түсіндіріп, талқылау жұмыстарын жүргізді. Мектеп директоры Ғ.Х.Жақсылықова жолдаудағы І. ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ, ТИІМДІ МЕМЛЕКЕТ. Бірінші. Партия құрылысы үдерісін жалғастыру; Екінші. Халықпен тиімді кері байланыс орнату; Үшінші. Митингтер туралы заңнаманы жетілдіру; Төртінші. Қоғамдық келісуді нығайту;
ІІ. АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ.
ІІІ. ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫҒАН ЖӘНЕ ИНКЛЮЗИВТІ ЭКОНОМИКА. Қазақстанның экономикасын ілгерілету үшін: Бірінші. Шикізатқа байланған менталитеттен бас шартып, экономиканы әртараптандыру; Екінші. Квазимемлекеттік сектордың қайтарымын арттыру; Үшінші. Тиімді шағын және орта бизнес- қала мен ауылды дамытудың берік негізі; Төртінші. Ұлттық бизнеске халықаралық нарықтарда қолдау көрсету; Бесінші. Дамыған агроөнеркәсіп кешені; Алтыншы. Әділетті салық салу жүйесі және тиімді қаржылық реттеу; Жетінші. Ұлттық қорды тиімді пайдалану мәселесі; Сегізінші. Еңбекақы төлеу деңгейін арттыру.
ІҮ. ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ. Еліміздің бюджеті екі негізгі мақсатқа бағытталуы тиіс-экономиканы дамыту және әлеуметті мәселелерді шешу. Әлеуметтік салада мынандай бағыттарға баса мән беру керек. Бірінші. Білім беру сапасын жақсарту- мамандар даярлау, оқушыларға кәсіби бағыт- бағдар беру, білікті педагог кадрларын жетілдіру мақсатында «Дипломмен- ауылға» бағдарламасының аясын кеңейту, дарынды ауыл жастарын шетелдік жоғары оқу орындарына дайындау, аз қамтылған және көп балалы отбасыларды қолдау үшін «Дарынды баланың қабілетін дамытудың жол картасын әзірлеу», осындай балалардың үйірмелер мен орталықтарға, жазғы лагерьге баруларына мүмкіндік жасау, өзекті мәселе- оқулық сапасының төмендігі, алдағы төрт жылда мұғалімдердің еңбек ақысын екі есеге арттыру туралы; Екінші. Отбасы және бала институтын қолдау, инклюзивті қоғам құру- зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балалар мен олардың отбасын қорғау жөнінде бағдарлама әзірлеу, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбаыларға ерекше көңіл бөлу, спортты дамыту. 2020 жыл «Волонтер жылы» деп жарияланады; Үшінші. Медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету. Төртінші. Мәдениет қызметкерлерін қолдау. Бесінші. Әлеуметтік көмек көрсету жүйесін одан әрі дамыту. Бесінші. Әлеуметтік көмек көрсету жүйесін одан әрі дамыту. Алтыншы. Еліміздің зейнетақы жүйесін дамыту. Жұмыс істейтін азаматтар өздерінің зейнетақы жинағының бір бөлігін белгілі бір мақсатқа, соның ішінде баспана сатып алуға немесе білім алу үшін пайдалану мәселесінің қаралуы.
Ү. ҚУАТТЫ ӨҢІРЛЕР-ҚУАТТЫ ЕЛ. Мұндағы барлық міндеттерді таныстырып өтті.
Директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары Б.Абдуалиева оқушылардың қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгеруі жайында жұмыс жасау керек екенін айтты. Мектебімізде жемқорлыққа жол бермеу бағытында ауқымды шараларды қолға алған. Бұл ретте сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі саясат басқармасымен, аудан прокуратурасымен және өзге де органдармен тығыз жұмыс істелінуде. «Адал ұрпақ» жасөспірімдер арасындағы тәртіптік-сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйымы, «Адалдық дүкені» алаңдары құрылып, Білім күні- «Адалдық сағаты» өтті.сонымен қатар Елбасының 2020 жылдың «Еріктілер жылы» болып жарияланғанын айтты. Маңызды міндет – азаматтардың, әсіресе жастардың, оқушылардың еріктілер қозғалысына қатысуын ширату. Бұл – азаматтық қоғамды нығайту барысындағы біздің маңызды міндетіміз, – деді Президент. Ұлы Абай өзінің алтыншы қара сөзінде «Бірлік – ақылға бірлік» дегенін білесіздер. Елбасымыздың «Ел бірлігі – ең асыл қасиет» деген қанатты сөзі – біздің айнымас қағидамыз.
Келесі сөз кезегін ақпараттық – насихаттау тобының мүшесі тарих пәнінің мұғалімі Мақышов Қуандық әр бағытты жіті түсіндіріп, жеке тоқталып өтті. Жолдауы кезінде Қ.Тоқаев: «Еліміздің даму жолын бүкіл әлем мойындап, қазақстандық, яғни Назарбаев моделі деп атады. Қазір бізге Тәуелсіздіктің жетістіктерін еселеп, елімізді дамудың жаңа сапалы кезеңіне шығару мүмкіндігі беріліп отыр»,- деді. Жолдауда есірткі бизнесі, педофилия, жыныстық зорлық-зомбылық және жеке тұлғаға қарсы жасалатын басқа да ауыр қылмыстарға қатысты жазалау шараларын қатаңдату жөнінде Парламентке және Үкіметке тапсырмалар жүктелді». Жолдауы кезінде Мемлекет басшысы келесі жылдан бастап ұстаздардың жалақысы 25 пайызға өсетіндігін еске салды. Сонымен қатар Қазақстан Президенті Қазақстан халқына жолдауы кезінде жерді сату мәселесіне де тоқталды. Мұның алдында ҚР Президенті қазақ тілінің ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі жеткенін мәлімдеген болатын. Сондай-ақ шикізатқа байланған менталитеттен бас тартып, экономиканы әртараптандыру қажеттігін айтты. Елімізде браконьерлерге қатысты заң қатаңдатылады. Президент елімізде браконьерлердің тамыры тереңге жайылғанын атап өтіп, Үкіметке 2 ай ішінде тиісті заң жобасын күшейтуді жүктеді. Сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күресу мәселесі айтылды.
Информациятық – насихаттау тобының екінші мүшесі тарих пәнінің мұғалімі Тлеуова Ш жолдаудың бесінші бағытына жеке тоқталып, ондағы білім берудің жаңа сапасы туралы анық айтып өтті. Білім беру сапасын жақсарту, мамандар даярлау үшін біз оқушылардың қабілетін айқындап, кәсіби бағыт-бағдар беруіміз керек,- деді. Бұл саясат орта білім берудің ұлттық стандартының негізі болуы тиіс. Елбасы айтқандай қала мен ауыл мектептері арасындағы орта білім сапасы алшақтап барады. Сондықтан, «Дипломмен – ауылға» бағдарламасының аясын кеңейтіп, жұмысты жаңа деңгейде жалғастырып, кадрлар дайындау қажет екені рас. Сонымен қатар аз қамтылған, көп балалы, мүмкіндігі шектеулі мұқтаж жандарға көмек көрсетілетінін қолдаймыз! - деп өз сөзін аяқтады.
Директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары Б.Абдуалиева оқушылардың қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгеруі жайында жұмыс жасау керек екенін айтты. Мектебімізде жемқорлыққа жол бермеу бағытында ауқымды шараларды қолға алған. Бұл ретте сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі саясат басқармасымен, аудан прокуратурасымен және өзге де органдармен тығыз жұмыс істелінуде. «Адал ұрпақ» жасөспірімдер арасындағы тәртіптік-сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйымы, «Адалдық дүкені» алаңдары құрылып, Білім күні- «Адалдық сағаты» өтті.сонымен қатар Елбасының 2020 жылдың «Еріктілер жылы» болып жарияланғанын айтты. Маңызды міндет – азаматтардың, әсіресе жастардың, оқушылардың еріктілер қозғалысына қатысуын ширату. Бұл – азаматтық қоғамды нығайту барысындағы біздің маңызды міндетіміз, – деді Президент. Ұлы Абай өзінің алтыншы қара сөзінде «Бірлік – ақылға бірлік» дегенін білесіздер. Елбасымыздың «Ел бірлігі – ең асыл қасиет» деген қанатты сөзі – біздің айнымас қағидамыз.


Шешім:
1. Мектептің сынып бөлмелеріне және мектеп дәлізінде Мемлекет басшысының жолдауына арналға стенд жаңалансын.
2. Информациятық – насихаттау тобы құрылып, жоспары жасалынсын.
3. Барлық сынып жетекшілер ата – аналарға, сыныптарына түсіндіру жұмыстарын жүргізсін.
4. Сынып жетекшілер жоспарға сәйкес тәрбие сағаттарын өткізсін.
5. Мектеп кітапханасында бұрыш ұйымдастырылсын.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив