15
февраль
2022
«Негізгі және туынды етістік» тақырыбына ашық сабақ өткізілді.
01.02-01.03.2022 ж аралығында өткізіліп жатқан бастауыш сыныптар айлығында Тұрар Рысқұлов атындағы №20 ЖОББМ-нің 3 "В" сынып білім алушыларымен 15 ақпан күні қазақ тілі пәнінен «Негізгі және туынды етістік» тақырыбына ашық сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты: мұғалімнің көмегімен ұқсас тақырыпта берілген мәтін түрлерін, көркем мәтін жанрын салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу. Негізгі, туынды зат есім, сын есім, етістікті анықтау.Сабақ барысында сақтық шараларын сақтай отырып топтық, жеке, жұптық тапсырмалар берілді. Тапсырма барысында білім алушылар өз ойларын анық жеткізе алды. Сынып жетекшісі: Шолпанбаева Г. Қ
