05
сентябрь
2021
«Сау бол-жүз жаса!» ұранымен «Денсаулық» фестивалі
Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Сау бол-жүз жаса!» ұранымен «Денсаулық» фестивалі өтті. Алғашқы сөз кезегін мектеп директоры Нұрдаулет Талантұлы алып, мектеп педагогтары мен оқушыларды мерекемен құттықтап, ізгі ниет білдірді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Абдуалиева оқушыларды спорттық шаралармен таныстырып, барлығына сәттілік тіледі. Фестивалдің басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, азаматтарды спортпен шұғылдануға және зиянды әдеттерден бас тартуға шақыру. Спорт денсаулықты нығайтып қана қоймай, мінезді түзеп, ерік-жігерді шынықтырып, қиындықты жеңуге көмектесері сөзсіз. «Біз — спортты таңдаймыз» деген қатысушылар тобы арнайы спорттық киім киіп, ерекше көңіл-күймен қатысты. Фестивальге қатысушылар спорттың 6 түрі бойынша сынға түсті. Олардың қатарында футбол, кросс, баскетбол, волейбол, арқан тарту,қол күрес бар. Нәтижесінде фестиваль қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.