26
октябрь
2021
Денсаулық - зор байлық
Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінің 4 «а» сынып жетекшісі Нармағанбетова Ж тәрбие сағатының жылдық жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 25.10 күні оқушылармен «Денсаулық-зор байлық» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.
Мақсаты: оқушылардың өз денсаулығын дұрыс қалыптастыра білуге, спортпен шұғылданып, дұрыс тамақтануға үйрету.
Мұғалім оқушыларға адам өміріндегі денсаулықтың құндылығы бойынша айтып өтті. Ауру-астан екендігін айта келіп, күнделікті өмірде дұрыс тамақтану ең басты міндетіміз,сонымен қатар спортпен шұғылданып, денсаулықты нығайту әрбір адамның өз қолында екендігін түсіндірді.Оқушылар өздері ұнататын спорт түрлерінің, жеміс-жидектердің суреттерін салды.




