АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!!! » СШ №20 им. Т.Рыскулова
Жамбылская область
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Тұрар Рысқұлов атындағы
№20 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72632) 4-32-19
Сенім телефоны
+77084558168
Версия для
слабовидящих
» » АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!!!
14
июнь
2024

АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!!!

🔰 Мектеп формасына қойылатын талаптар туралы ақпараттық таныстырылым:
📚 2024-2025 оқу жылында оқушыларға міндетті мектеп формасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің (2016 жылғы 14 қаңтардағы №26), (07.08.2023 ж. №250 бұйрығына сәйкес толықтырулар мен өзгерістер енгізілген) бұйрығымен бекітілгендей, білім алушылардың жас ерекшелігіне сәйкес енгізілетінін хабарлаймыз!
🔰 Ұлдардың мектеп формасы:
пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде, не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган, поло жейде немесе тенниска (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.
♻️ Қыздардың мектеп формасы:
🔰 пиджак, жилет, юбка (КӨК немесе ҚАРА түсті), шалбар, классикалық жейде, не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган, поло жейде немесе тенниска (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.
🔰 Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 47-бабының 15-1 тармағында «Орта білім беру ұйымдарында БІЛІМ АЛУШЫЛАР білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауға міндетті.
🔰 Осы заңның 49-бап 6 тармағында АТА-АНАЛАР МЕН ОЛАРДЫҢ ЗАҢДЫ ӨКІЛДЕРІ «білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген, МІНДЕТТІ МЕКТЕП ФОРМАСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАРДЫ ОРЫНДАУҒА ТИІС» екені бекітілген.
✅ Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды, кез келген діни атрибуткаларды (тізеден жоғары юбка киюге,орамал, хиджап, паранжа, кимешек, никаб, т.б.) киюге тыйым салынатынын ескертеміз!
✅ Оқушының мектеп формасына қойылатын талаптары бойынша жарақаттайтын фурнитурасы бар киім мен акцессуарлар киюге тыйым салынады.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив